Accessibility links

Франция сыртқы істер министрі отставкаға кетті


Франция сыртқы істер министрі Бруно Ле Ру.
Франция сыртқы істер министрі Бруно Ле Ру.

Франция сыртқы істер министрі Бруно Ле Ру сейсенбі күні отставкаға кетті. Ол парламентте жұмыс істеу үшін жазғы демалыс кезінде қыздарын жалдағанын мойындаған, алайда «заңды бұзған жоқпын» деп мәлімдеген.

Елисей сарайы қызметінен кеткен Ле Рудың орнына Маттиас Фекль тағайындалғанын хабарлады. Бұған дейін Фекль сыртқы сауда, туризмді дамыту мәселелері және шетелдегі француз азаматтары істері жөніндегі мемлекеттік хатшы қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG