Accessibility links

Twitter терроризмді насихаттайтын жүздеген мың аккаунтты бұғаттаған


Twitter әлеуметтік желісі логосы.
Twitter әлеуметтік желісі логосы.

Twitter микроблог сервисі өткен жылдың екінші жартысында «террормзмді насихаттағаны» үшін 378 мың 890 аккаунтты бұғаттаған. Бұл соның алдындағы алты аймен салыстырғанда 60 пайызға артық көрсеткіш. Сайт әкімшілігі «зорлық-зомбылықшыл экстремизммен» күресу ниеті туралы жария еткен 2015 жылғы тамыздан бері 636 мың 248 аккаунт жабылған. Twitter, Facebook және өзге де әлеуметтік платоформаларға әлемнің түрлі елдерінде үкімет экстремистердің осы сайттарды шабуылдар жоспарлауға және жаңадан жақтастар тарту үшін пайдалануына жол бермеуін талап етіп, күшті қысым жасайды.

Twitter-дің хабарлауынша, өткен жылдың екінші жартысында түрлі елдерден үкіметтің қолданушылар жайлы мәлімет сұрауы жеті пайызға артқан, контентті бұғаттау туралы талаптар 2016 жылдың алғашқы жартысымен салыстырғанда 13 пайызға өскен.

Twitter журналистер мен жаңалықтар ұйымдарының таратқан ақпаратын сайттан алып тастау туралы талаптар алатынын тұңғыш рет жария етіп отыр. Қолда бар деректер бойынша, Түркия БАҚ жарияланымдарын бұғаттауға тырысып, қатты белсенділік танытқан ел болып отыр. Twitter әлгіндей сұраулар сөз еркіндігіне қауіп төндіретіндіктен олар жайлы көпшілікке «анық болғанын» қалайтынын білдірген.

XS
SM
MD
LG