Accessibility links

Трамп Марсқа сапарды қаржыландыру жайлы заңға қол қойды


Коллаж.
Коллаж.

АҚШ президенті Дональд Трамп Марсты зерттеу үшін АҚШ ғарыш агенттігіне (NASA) қосымша қаржы бөлу туралы заңға қол қойған.

Жаңа заңда сонымен бірге былтырғы қазанның 1-інен басталған қаржы жылында ғарыш агенттіктерін қаржыландыруға 19,5 миллиард доллар бөлу қарастырылған. Трамп жақында Конгреске жолдаған бюджетке қатысты ұсыныста келесі жылы NASA үшін 19,1 миллиард доллар бөлу көзделген.

Бұл шара NASA қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде Марсты игеру бойынша қосымша зерттеу жүргізу үшін қолданыстағы заңға өзгертулер енгізеді. Заң жобасы сонымен бірге NASA агенттігіне ғарышқа адам ұшыру және өзге де ғарыш бағдарламаларына, соның ішінде Марсты зерттеуге қаржы алуға мүмкіндік бермек.

XS
SM
MD
LG