Accessibility links

Ақтауда нөсер салдарынан қозғалыс қиындаған


Ақтауда сейсенбідегі нөсер салдарынан қаланың кейбір аудандарында көшелер мен үй аулаларын су басып, жүргіншілер мен көлік қозғалысы қиындады деп хабарлайды жергілікті lada.kz сайты.

Ақпаратта Маңғыстау облыстық әкімдігі маңындағы орталық жол, жағалау және басқа бірқатар көшелерді су басқаны айтылған. Ауа райының қолайсыздығынан жағалауда өтеді деп алдын ала жоспарланған мерекелік шаралар уақытын ысыруға тура келген.

Қаладағы коммуналдық қызмет кәсіпорны су алған жерледе нөсер салдарын жою жұмыстарымен айналысып жатқаны айтылады.

Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттер мен видеоларда су басқан көше жолында тұрған автокөліктер, бір бірін көтеріп бара жатқан адамдар бейнеленген.

XS
SM
MD
LG