Accessibility links

Дональд Трамп НАТО елдері басшылары кездесуіне барады


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп мамырдың 25-і күні Брюссельдегі Солтүстік Атлантика келісімі ұйымына (НАТО) мүше мемлекет басшылары мен үкімет жетекшілерінің кездесуіне барады. Бұл туралы Ақ үй таратқан ақпаратта осы жайында НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің мәлімдегені де айтылған.

Ақ үй хабарламасында АҚШ президенті өз елінің НАТО ұйымына бейілділігін қуаттау және әсіресе терроризмге қарсы күрестегі НАТО ролі мен бірлескен жауапкершілікті бөлісу тәрізді аса маңызды мәселелерді талқылау үшін НАТО бойынша әріптестерімен кездесуді асыға күтетіні айтылған.

НАТО лидерлерімен кездесуден бөлек АҚШ президенті сәуірдің 12-і күні Вашингтонда Йенс Солтенбергті қабылдамақшы. Кездесуде ұлттық және халықаралық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге қарсы тұру үшін альянсты қалай нығайту жайы талқыланады делінген Ақ үй әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

XS
SM
MD
LG