Өзбекстан мен Қырғызстанның үкіметтік делегациясының мемлекеттік шекараны делимитациялау мен демаркациялау бойынша жұмысшы топтары Ошта өткізген 10 күндік келіссөзді аяқтады.
Азаттықтың Өзбек қызметінің Өзбекстан сыртқы істер министрлігінен алған дерегінше, Өзбекстан (Әндіжан, Наманған мен Ферғана облыстары) мен Қырғызстан (Баткен, Джалал-Абад пен Ош облыстары) арасындағы шекараның күрделі аумақтарында зерттеу және геодезиялық өлшеу жұмыстары жүрген.
Келіссөз біткен соң екі ел өкілдері хаттама жасасқан.
Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы 1378 километрлік шекараның 320 километрінің жайы бұған дейін анықталмаған. Шекара маңындағы мұндай аумақтарда бірнеше рет қақтығыс болған.