Ресей мемлекеттік думасы Ресей төлем жүйелеріне тыйым салған елдерге қаржы аударуды шектейтін заңды үшінші оқылымда мақұлдады.
Ақпарат құралдары "бұл заң тыйымға ілінген елдердің Ресейден электронды ақшаны қолданып банктік емес аударымдарды да алатын азаматтарға да кесірін тигізеді" дейді. Заң бойынша, ондай елдерге ақшаны енді тек Ресей төлем жүйелері арқылы ғана аударуға болады.
Бұл заң әуелі былтыр күзде ресейлік "Колибри", "Юнистрим", "Золотая Корона" және "Лидер" төлем жүйелеріне тыйым салған Украинаға әсер етпек.