Accessibility links

Ұлыбритания парламенті маңында атыс болды


Атыс болған маңда жүрген полицей. Лондон, 22 наурыз 2017 жыл.
Атыс болған маңда жүрген полицей. Лондон, 22 наурыз 2017 жыл.

Ұлыбритания парламенті ғимараты маңында бірнеше адамға оқ атылды деп хабарлады парламенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі. Агенттік дерегінше, кемінде екі адам жараланған.

Кейбір дерек көздері кемі алты, әйтпесе 10 адам жараланғанын айтады деп хабарлады BBC. Агенттіктің парламент мүшесі Дэвид Лидингтонға сілтеме жасап хабарлауынша, белгісіз бір адам полицейді пышақтаған, бұдан кейін оны полиция атып тастаған.

Парламенті ғимараты маңындағы Вестминстер көпірінде бірнеше адамды машина басып кеткені де хабарланды.

Парламент жұмысы тоқтап, ғимарат жабылған. Полиция әзірше ешбір түсініктеме берген жоқ. Оқ атқан кім екені белгісіз.

XS
SM
MD
LG