Accessibility links

АҚШ президенті Трамп Наурыз мейрамымен құттықтады


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп «әлемде ежелден келе жатқан тамаша мерекені тойлайтындарды» Наурыз мейрамымен ресми түрде құттықтады. Ақ үй жетекшісі мәлімдемесінде ұлық мерекені атап өтетін баршаға және ирандықтарға «еркіндік, абырой мен молшылық» тілейтінін айтқан.

Өз құттықтауында Трамп Наурызды «тың бастамаларды атап өту мүмкіндігі және ол азат жерде жаңа өмір бастау үшін соңғы онжылдықтарда елімізге келген ирандықтар үшін ерекше мәнге ие» деп атаған.

Өткен жылғы президенттік сайлауалды науқаны кезінде Трамп Иран үкіметін қатты сынға алған. Ол әлемдік державалардың 2015 жылы шілдеде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Тегеранмен жасасқан келісімінің күшін жоюға немесе оның шарттарын өзгертуге уәде еткен. Аталған құжат бойынша Иран ядролық саладағы іс-қимылын шектеуге міндеттеме алған, есесіне бұл елге салынған бірқатар халықаралық санкциялар жойылады деп келісілген.

Президент Трамптың иммигранттарға АҚШ-қа кіруге уақытша тыйым салу туралы даулы жарлығы Иран азаматтарына да әсер еткен.

XS
SM
MD
LG