Accessibility links

Лондондағы шабуылға байланысты сегіз адам тұтқындалды


Полиция шабуылдан жараланған адамды әкетіп барады. Лондон, 22 наурыз 2017 жыл.

Лондондағы шабуылға байланысты сегіз адам тұтқындалды деп хабарлады Ұлыбритания полициясы.

Соңғы дерекке қарағанда, кешегі шабуылдан бес емес, төрт адам (полицей Кит Палмер, 40 жас шамасындағы әйел адам мен 50-лер шамасындағы ер адам және шабуылдаушының өзі) қаза тапқан.

Ауруханада жаралы 29 адам жатыр, олардың жетеуінің халі мүшкіл.

Лондонда наурыздың 22-сі күні күндіз көлікке мінген белгісіз біреу британ парламенті ғимараты қасындағы Вестминстер көпірінде бірнеше адамды басып өтіп, сол маңдағы Вестминстер сарайының қоршауына соғылған. Көліктен жүгіріп түскен ер адам өзін бөгемек болған қарусыз полиция қызметкерін пышақтаған. Оқиға орнына жеткен өзге полицейлер оны атып жаралап, күдікті ауруханаға апара жатқанда қайтыс болған.

Полиция "теракт" деп бағалаған ол шабуылдың жауапкершілігін әлі ешкім мойындаған жоқ. Полиция бейсенбіге қараған түні Бирмингемдегі бірнеше жерді тінткен.

Сәрсенбі күні үкіметтің төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің шұғыл отырысын өткізген Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй бұл оқиғаны «жантүршігерлік және жексұрын шабуыл» деп атаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG