Accessibility links

Қырғызстандағы "Қызғалдақ төңкерісіне" 12 жыл толды


Асқар Ақаев билігіне қарсы шыққандар үкімет үйі алдында көлік өртеп жатыр. Бішкек, 24 наурыз 2005 жыл.
Асқар Ақаев билігіне қарсы шыққандар үкімет үйі алдында көлік өртеп жатыр. Бішкек, 24 наурыз 2005 жыл.

Қырғызстанда "Қызғалдақ төңкерісі" деген атауға ие болған, 2005 жылы 24 наурызда елді 15 жыл басқарған президент Асқар Ақаевты биліктен кетірген халық толқуларына 12 жыл толды. Халықтың сол кездегі билікке қарсы толқуы 2005 жылы 11 наурызда Жалал-Абадта басталып, кейін ол бүкіл елге тараған. Ақаев отбасымен Қырғызстаннан Ресейге қашып кеткен.

Халық толқуы кезінде президент болған Құрманбек Бакиев 24 наурызды Халық төңкерісі күні деп жариялап, мереке деп белгілеген. Бірақ алғашқы төңкерістен бес жыл өткен соң, 2010 жылдың сәуірінде болған халықтық толқулардан соң Бакиев те биліктен кетірілді. Оппозиция оны коррупцияға ұрынды және билікті озбырлықпен басып алды деп айыптады. Отбасымен бірге шетелге қашып кеткен Бакиев Беларусьте тұрады.

Қырғызстанның жаңа билігі 2012 жылы жазда 24 наурызды мерекелер тізімінен алып тастады. 2016 жылы бұл күн еске алу күні деп жарияланды. Бүгін Жалал-Абадта мерекелік шаралар өткізілмек.

XS
SM
MD
LG