Accessibility links

Қорғаныс министрлігі жаттығуда сарбаздың қаза тапқанын хабарлады


Әскери парад кезіндегі Қазақстан сарбаздары (Көрнекі сурет).
Әскери парад кезіндегі Қазақстан сарбаздары (Көрнекі сурет).

Қазақстан қорғаныс министрлігі жоспарлы жаттығу кезінде әскери қызметкердің қаза тапқанын хабарлады. "Жоспарлы түрде ұшақтан парашютпен секіру кезінде келісім-шарттпен қызмет етуші әскери қызметкер, ефрейтор Е.Өзбеков жарақат алып, мерт болды" деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер. Хабарламада қайғылы оқиғаның мән-жайы толық айтылмайды, тек тексеріс басталғаны келтірілген.

Наурыздың басынан бері осымен екінші рет қазақстандық сарбаздың қазасы хабарланып отыр. 14 наурызда Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасы әскери борышын өтеп жатқан қатардағы жауынгер М.А.Шишимбаевтың қазасына қатысты тергеу басталғанын хабарлаған. Прокуратураның мәліметінше, 10 наурызда №29011 әскери бөлімінің территориясында "басына АК-74 автоматынан оқ тиген" Шишимбаевтың жансыз денесі табылған. Ішкі істер министрлігінің батыс аймақтық әскери-тергеу басқармасы сарбаздың өліміне қатысты "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша соталды тергеу бастаған.

XS
SM
MD
LG