Accessibility links

Полиция Лондонда шабуыл жасаған адамның аты-жөнін жариялады


Жүргіншілер шабуылдан жараланған адамға көмектесіп жатыр. Лондон, 22 наурыз 2017 жыл.
Жүргіншілер шабуылдан жараланған адамға көмектесіп жатыр. Лондон, 22 наурыз 2017 жыл.

Ұлыбритания парламентінде полицияға шабуыл жасап, жаяу жүргіншілерді қағып өткен террористің аты-жөні - Халид Масуд деп хабарлады Лондон полициясы. Масуд 52 жаста болған, Лондонның Усэт-Мидлендс ауданында тұрған. Масуд шабуыл жасағаны, қару сақтағаны және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бірнеше рет сотталған. Бірақ терроризммен байланысты істі болмаған. Құқық қорғау органдары оның теракт жасайтыны туралы бұған дейін өздеріне белгілі болмағанын айтады.

22 наурызда британ парламенті маңындағы Вестминистр көпірінде Масуд көлігімен бірнеше жаяу жүргіншіні қағып өтіп, одан соң сол маңдағы Вестминстер сарайының қоршауына соғылған. Көліктен жүгіріп түскен ол өзін бөгемек болған қарусыз полиция қызметкерін пышақтаған. Оқиға орнына жеткен өзге полицейлер оны атып жаралап, күдікті ауруханаға апара жатқанда қайтыс болған.

Соңғы дерекке қарағанда, шабуылдан жиыны төрт адам (полицей Кит Палмер, 43 жастағы Айша Фрейд есімді әйел мен 50-лер шамасындағы ер адам және шабуылдаушының өзі) қаза тапқан. Аурузанада 30-ға тарта адам жатыр, олардың жетеуінің халі мүшкіл.

23 наурызға қараған түні британ полициясы Бирмингемдегі пәтерлердің бірінде рейд жасады. Операция бірнеше сағатқа созылып, сегіз адам ұсталды. Шабуылдың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы ойнына алды.

XS
SM
MD
LG