Accessibility links

Біртанов: Ауруханада дәрігерлердің жетіспеуіне жалақының аздығы да себеп


Елжан Біртанов, денсаулық сақтау министрі. Астана, 24 наурыз 2017 жыл.
Елжан Біртанов, денсаулық сақтау министрі. Астана, 24 наурыз 2017 жыл.

Ауруханаларда дәрігерлерге қаралуда кезекті азайту үшін дәрігерлердің жалақысын көбейту керек деп мәлімдеді бүгін Астанада денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Астанадағы №5 клиникада өткен кездесу кезінде журналистер сұрақтарына жауап берген Біртанов ауруханаларда дәрігерлерге қаралу, кеңес алуда кезекті азайту үшін дәрігерлердің жалақысын көбейту, дәрігердің қабылдауына телефон немесе интернет арқылы жазылу, жеке меншік клиникаларды міндетті кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету жүйесіне тарту қажетін айтты.

Министрдің сөзі бойынша, ауруханаларда кейбір салалық дәрігерлердің жалақысының төмендігінен жекеменшік клиникаларға кетіп қалуынан кейбір сала бойынша дәрігерлер жетіспеушілігі туындап отыр. Біртанов ауруханаларда дәрігерге бір консультациясы үшін 700-1000 теңге төленсе, жекеменшік клиникаларда 5-6 мың теңге төленеді.

Ол осыған байланысты мемлекеттік және жекеменшік денсаулық сақтау мекемелерін кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету жүйесіне, медициналық сақтандыру жүйесіне қатыстыру қажетін айтты.

XS
SM
MD
LG