Accessibility links

Трамп АҚШ конгресін Obamacare заңын жоюға шақырды


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп республикашылдарды - Конгрестің өкілдер палатасының депутаттарын Obamacare заңын жоюды қолдауға шақырды.

23 наурыз күні кешке Трамп партияластарына олар я бүгін бұрынғы президент Барак Обама тұсында қабылданған міндетті медициналық сақтандыру туралы заңды жоюды қолдап дауыс беруі керегін, олай болмаса өзінің күн тәртібіндегі басқа да маңызды мәселелерге кірісіп, Obamacare-ге қарсы насихатын тоқтататыны туралы ультиматум қойды.

Ақ үй мен Конгрестегі Республикашыл партия басшылығы 23 наурызда Obamacare-ні жоюға дауыс беріп, саяси жеңіске жетуге үміттенген. Бірақ заңды жоюға жеткілікті дауыс жинай алмаған. Obamacare заңы 2009 жылы 23 наурызда қабылданған.

Obamacare заңын жою әрекеті бірқатар республикашылдар арасына жік түсірген. Партияның оңшыл қанаты сақтандыру төлемдерін қандай жағдай болмасын төмендетпеуді қалайды және сондықтан балама жоспарда Обама міндетті еткен психиатр қызметі, жүкті әйелдер мен омыраудағы балаларға қызмет көрсету сияқты бірқатар медициналық процедураларды сақтандырудың қалай да қамтылмауын талап етеді. Ал партияның оңшыл қанаты реформада енгізілген созылмалы ауруы бар адамдардың теңдей дәрежеде сақтандыру құқығынан айыруға үзілді-кесілді қарсылық танытады.

XS
SM
MD
LG