Accessibility links

Шымкентте тозған тамда тұратын көпбалалы ана ауруханаға жатқызылды


Көпбалалы жалғызілікті науқас ана Ділбәр Құттыбай. Шымкент, 13 наурыз 2017 жыл. /Ділбар Құттыбай/
Көпбалалы жалғызілікті науқас ана Ділбәр Құттыбай. Шымкент, 13 наурыз 2017 жыл. /Ділбар Құттыбай/

Шымкенттегі 46 жастағы, алты балалы әрі жалғызілікті ана Ділбәр Құттыбайды бүгін онкологиялық диспансерге жатқызылды. Тозған тамда тұратын Ділбар Құттыбай бұған дейін онкологиялық ауруы асқынып, төсек тартып жатып қалған.

Ділбар Құттыбайдың Азаттыққа айтуынша, екі күн бұрын үйіне онкологиялық диспансердің бөлім меңгерушісі мен емдеуші дәрігері келіп, тексерген және 24 наурыз күні таңертең ауруханаға жатуды сұраған. Дәрігердің ұсынысынан соң бүгін таңертең диспансерге жатқан. Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Амандық Досалының Азаттыққа айтуына қарағанда, Ділбар Құттыбай төртінші дәрежелі жатыр мойны ісігі ауруына шалдыққан. Қазір ол диспансерді химиялық терапия бөліміне жатқызылып, ем қабылдап жатыр.

2015 жылдың мамыр айынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының онкологиялық диспансерінде тіркеуде тұрған Ділбәр Құттыбай - алты баланың анасы, оның бесеуі кәмелетке толмаған. Әкелері жоқ, аналары жұмысқа жарамайтын, балалары көшеден полиэтилен пакет жинап күн көретін бұл отбасы жайлы Азаттық бұған дейін жазып, көпшілік көмек науқанын ұйымдастырған еді.

XS
SM
MD
LG