Accessibility links

KazSat-2 спутнигі жұмысы қалпына келтірілгені хабарланды


"KazSat-3" спутнигін тіркеген зымыранның ғарышқа самғаған сәті. Байқоңыр, 28 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)
"KazSat-3" спутнигін тіркеген зымыранның ғарышқа самғаған сәті. Байқоңыр, 28 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)

Қазақстанның KazSat-2 байланыс және хабар тарату спутнигі штатта тыс жағдайдан кейін жұмысын жалғастырды деп хабарлады Қазақстан ғарыштық байланыстар орталығы баспасөз қызметі. Мекеменің ресми сайтында жарияланған ақпаратта спутниктің «штаттық режимдегі» жұмысы жалғасып, «байланысжәне хабар тарату операторлары желілерінің барлығының жұмысы толық қалпына келтірілгені» айтылған.

Бұған дейін жұма күні таңертең KazSat-2 ғарыш аппаратының жұмысындағы «штаттан тыс жағдай» салдарынан 13 байланыс және телерадио хабарларын тарату операторлары қызметі тоқтатылғаны туралы хабарланған.

Төтенше оқиғаның себептері анықталып жатыр.

XS
SM
MD
LG