Accessibility links

Қазанда оқ-дәрі зауытындағы өрттен бір адам қаза болған


Қазандағы өрт шыққан ауданның алыстан түсірілген суреті. 24 наурыз 2017 жыл.
Қазандағы өрт шыққан ауданның алыстан түсірілген суреті. 24 наурыз 2017 жыл.

Ресей құрамындағы Татарстан астанасындағы оқ-дәрі зауытында наурыздың 24-і кешке өрт шыққан. Куәгерлер өрт болып жатқан ауданнан жарылыс дыбысы естілгенін айтқан. Ресейлік ТАСС агенттігі оқиға салдарынан бір адам қаза болған деп хабарлады. Өрттің шығуына не себеп болғаны жайлы әзірше мәлімет жоқ. «РИА Новости» агенттігі таратқан ақпаратта өрт аумағы 400 шаршы метрге жеткені айтылған.

Ресей тергеу комитетінің Татарстан бойынша басқармасы төтенше оқиғаға байланысты «жарылу қаупі бар нысандардағы қауіпсіздік ережесін бұзу» бабы бойынша іс қозғалғаны туралы хабарлаған.

Қазандағы оқ-дәрі зауыты Ресейдегі көне кәсіпорындардың бірі – 1788 жылдан жұмыс істеп келе жатыр. Зауыт атыс қарулары мен әскери ұшақтар, тікұшақтар, теңіз күштері, артиллериялық және әскери танктер қару-жарағының оқ-дәрісін шығарады.

Наурыз айының ортасында Тольяттидегі химиялық зауытта дәл осындай өрт болған еді. Ол жолы көлемі 500 шаршы метр жер өртенген.

XS
SM
MD
LG