Пәкістан астанасы Исламабадта «аллаға тіл тигізген» деген айып тағылған үш блогердің ісі сотта қаралмақ. Полиция өкілдері мен үкімет шенеуніктерінің айтуынша, осы аптада ұсталған олардың екеуі Карачиден, біреуі - Исламабад тұрғыны. Аллама Аяз Низами (Allama Ayaz Nizami) деген атпен жазбалар жариялаған біреуінің интернетте 12 мың досы болған деп хабарлады аты-жөнін атамағанды қалаған шенеунік.
Билік өкілдері күдіктілерден тәркіленген ноутбуктары тәркіленіп, тексерілгені туралы мәлімдеген.
Пәкістандық бұл үш блогер елдің премьер-министрі Наваз Шариф әлеуметтік желілердегі «исламды қорлайтын» контенттерді жою немесе бұғаттау туралы бұйырғаннан кейін бірнеше күн өткенде ұсталған. Наурыздың 14-і күні жасаған Пәкістан премьері «алланы даттайтын» материалдар жариялағандар «қатаң жазаланатыны» туралы мәлімдеген.
«Алланы тілдеу» - Пәкістанда ауыр қылмыс түріне жатады, бұған дейін елде осында айып тағылған ондаған адамға өліп жазасы шығарылған.