Accessibility links

Тиллерсон НАТО-ға мүше елдер министрлері жиынына қатысады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон. Вашингтон, 23 наурыз 2017 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон. Вашингтон, 23 наурыз 2017 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон НАТО ұйымына мүше елдер сыртқы істер министрлерінің өткізу мерзімі алға жылжытылған кездесуіне қатысатын болды деп хабарлады жұма күні мемлекеттік департамент өкілдері.

Әуелгіде сәуірдің 5-і күні Брюссельде өтеді деп жоспарланған кездесуге Тиллерсонның қатыса алмайтыны туралы ақпарат тарағаннан кейін АҚШ-та мемлекеттік хатшысының НАТО бойынша серіктестеріне қатынасын сөккен пікірлер де айтылған. Кейбіреулер мұны өткен жылғы АҚШ президенті сайлауы кампаниясында кандидат ретінде НАТО туралы сыни мәлімдемелер жасаған Дональд Трамп қазір басқаратын Ақ үй әкімшілігінің альянсқа салқындығының белгісі ретінде қабылдаған.

Жұмыс жоспарының тығыздығын айтып Брюссельге барудан бас тартқан Рекс Тиллерсонның сәуірдің ортасында Мәскеуге сапары жоспарланып отырғаны да бұл мәселені қоюлата түскен. Трамп әкімшілігі НАТО ұйымына мүше елдер сыртқы істер министрлері кездесуінің өтетін уақыты Вашингтонға Қытай президенті Си Цзиньпиннің сапарымен тұспа тұс келгендіктен, Тиллерсон Брюссельдегі жиынға бара алмайды деп түсіндірген.

АҚШ мемлекеттік департаменті ақпаратына сәйкес, Вашингтон мен НАТО бойынша одақтастары кездесуді бұрынғыдан ертерек уақытқа - сәуірдің 5-інен наурыздың 31-іне жылжытуға келіскен. Тиллерсон Анкарада Түркия басшылығымен кездескеннен кейін Брюссельге ұшып бармақшы.

XS
SM
MD
LG