Accessibility links

Бішкекте Садыр Жапаровтың жақтастары шеру өткізіп жатыр


Садыр Жапаровты қолдау шеруіне қатысушылар. Бішкек, 25 наурыз 2017 жыл.
Садыр Жапаровты қолдау шеруіне қатысушылар. Бішкек, 25 наурыз 2017 жыл.

Бішкекте Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты, құқық органдары ұстаған Садыр Жапаровтың жақтастары оны қолдап шеру өткізіп жатыр. Акцияға қатысушылар оппозициялық саясаткердің ұстауға наразылық білдіріп отыр.

Қарсылық шеруі Бішкектегі ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимараты жанында өтіп жатыр. Бұған дейін эмиграциядан Қырғызстанға оралғаннан кейін Садыр Жапаровты ұстап сонда жеткізген. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, шеруге қатысушылардың кейбірі олардың жолын бөгеген милиция шебін бұзып, ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимараты ішіне өтпекші болған. Бірақ шеруге қатысып жатқан өзгелері жиналғандарды тәртіп сақтауға шақырған. Демонстранттар жұрт алдына Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Әбділ Сегізбев шықсын деген талап қойған.

Оппозициялық саясаткер Садыр Жапаров наурыздың 25-і күні Қырғызстанға шетелден оралғанда ұсталған. Жапаров өзіне қарсы қозғалған қылмыстық іс аясындағы бірнеше айып (өлтіремін деп қорқыту, кепілге алу, бұзақылық, билік өкіліне күш көрсету) бойынша ұсталған. Әңгіме 2013 жылғы қазанның 7-і күні Қарақолда өткен шеру кезінде үкіметтің Ыстықкөл облысы бойынша өкілетті уәкілі Эмильбек Каптағаевты наразылық акциясына қатысушылардың жібермей ұстағаны жайлы болып отыр. Бұған дейін Садыр Жапаров үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеуге жауап беру үшін наурыздың 25-інде Қырғызстанға ұшып бару ниеті туралы хабарлаған.

Парламенттің бұрынғы депутаты Садыр Жапаровты қолдау шерулері бүгін Жалалабад және Ош қалаларында да өтіп жатыр деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG