Accessibility links

Шешенстанда шабуыл кезінде өлтірілгендердің туыстары ұсталған


Ресейлік полиция көлігі. (Көрнекі сурет.)
Ресейлік полиция көлігі. (Көрнекі сурет.)

Шешенстандағы Росгвардия әскери бөліміне шабуыл кезінде оққа ұшқан ағайынды Муридовтардың әкесі наурыздың 24-і күні бүлікшілердің басқа жақын туыстарымен бірге ұсталған деп хабарлады Азаттықтың Грузин қызметі «Кавказский узел» сайтына сілтеме жасап. Шешенстанның Наур ауданымен бірге Грозный қаласында да сақалды жас жігіттерді жаппай ұстаған дейді жергілікті тұрғындар.

Жұма күні Шешенстандағы Росгвардия әскери бөлімі орналасқан қалашықтағы өткізу-бақылау пунктіне жасалған қарулы шабуылға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өзіне алған. Шабуыл салдарынан алты әскери қызметкер қаза тауып, үшеуі жараланған. Сонымен бірге шабуылдағандар арасынан алты адам өлтіріліп, екеуі із жасырған. Өлген алты бүлікші - Наур станицасы тұрғындары деп хабарланды.

Наур станицасында тұратын ағайынды Муридовтердің әкесі мен бүлікшілердің басқа да жақын туыстарының ұсталғаны туралы жергілікті тұрғын хабарлаған. Оның сөзінше, Рамзан Муридовтің үлкен ұлдары отбасы Шешенстанға қоныс аудармай тұрып Ростов облысында туған, ал Шамиль Муридов Наур ауданында дүниеге келген. Олардың әкесі жеке көлігімен тасымалдау қызметімен айналысқан.

Росгвардия бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасауға қатысқандардың тағы бірі – Хизир Закараев Шешенстанның Веден ауданы Элистанжи ауылының тумасы деп хабарлаған «Кавказский узел» сайтына Наур станицасының тағы бір тұрғыны.

XS
SM
MD
LG