Accessibility links

Еуропа экономикалық қауымдастығына 60 жыл толды


Еуропа Одағы лидерлері Рим декларациясының 60 жылдығын атап өтті. Рим, 25 наурыз 2017 жыл.
Еуропа Одағы лидерлері Рим декларациясының 60 жылдығын атап өтті. Рим, 25 наурыз 2017 жыл.

Еуропа Одағы құрамындағы 27 елдің жетекшілері Еуропа Одағының болашағы туралы Рим декларациясына қол қойды. Бұл жолы одақ құрамында Ұлыбритания жоқ.

Бұл рәсім Еуропалық экономикалық қауымдастық құру туралы Рим декларациясының қабылданғанына 60 жыл толуына орайластырылып отыр. Еуропа Одағы елдері жетекшілері Капитолий сарайында жиналды. 1957 жылы дәл сол жерде Германия федералдық республикасы, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд және Люксембург еуропалық интеграцияның негізін қалаған құжатқа қол қойған.

Сол кезде жаңадан құрылып жатқан экономикалық блокты елеусіз қалдырған Ұлыбритания оның қатарына 1973 жылы қосылған, ал 2016 жылы маусымда өткен референдумде британ сайлаушыларының көпшілігі одақ құрамынан шығуды қолдап дауыс бергеннен кейін қазір ел Еуропа Одағы құрамынан шығып жатыр. Наурыздың 29-ы күні Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Еуроодақ құрамынан шығу туралы ресми өтініш беруі тиіс. Мұнан соң одақ құрамынан шығудың нақты процедуралары туралы ресми келіссөздер басталмақ.

Римде Еуропа Одағы қарсыластарының жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG