Accessibility links

Қазақстанда жергілікті мәслихаттардағы бос орындарға сайлау басталды


Сайлауға дауыс беріп жатқан сайлаушылар. (Көрнекі сурет.)
Сайлауға дауыс беріп жатқан сайлаушылар. (Көрнекі сурет.)

Бүгін Қазақстанның бірнеше аймағында жергілікті мәслихаттардағы бос орындарға депутат сайлауы басталды. Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, елде 58 сайлау округі бойынша облыстық мәслихатқа 13, қалалық мәслихатқа - 9, аудандық мәслихатқа - 36 депутат қайта сайланады. Жергілікті мәслихаттардағы бос орындарға депутат сайлау Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласынан басқа аймақтардың барлығында өткізіледі.

Сайлау науқаны барысында ұсынылған 201 үміткердің 172-і кандидат болып тіркелген. Оның ішінде 113 адам өзін-өзі ұсынған, қалғандары саяси партиялардан сайлауға түсіп жатыр.

Кандидаттардың сайлауалды үгіт кампаниясы наурыздың 24-і күні сағат 24:00-де аяқталған.

ОСК-нің хабарлауынша, бұл жолғы сайлауды өткізуге 466 сайлау комиссиясы жұмылдырылған.

XS
SM
MD
LG