Accessibility links

АҚШ Мосулдағы халықаралық коалиция әуе шабуылын тексеріп жатыр


Мосулдағы қираған ғимараттардың бірінің жанында тұрған адамдар. Ирак, 23 наурыз 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
Мосулдағы қираған ғимараттардың бірінің жанында тұрған адамдар. Ирак, 23 наурыз 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

АҚШ армиясы халықаралық коалиция күштерінің наурыздың 17-і күні Ирактың Мосул қаласында жасаған әуе соққысының жай-жапсарын тексеріп жатыр. Құқық қорғаушылар әуе шабуылынан 200-ге жуық адам құрбан болған деген дерек келтіреді.

АҚШ әскери басшылығы әуе соққысы Ирак билігінің сұрауы бойынша берілген дейді. Пентагон Мосулдағы әуе соққысы халықаралық коалиция күштерінікі болуы ықтимал екенін жоққа шығармайды, алайда, сонымен бірге, «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының терактісі болуы да мүмкін деген болжам айтады. Әскерилер соққы салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапқаны туралы ақпаратты растаған жоқ.

Өткен аптада Мосулда әуе шабуылы кезінде үш ғимарат қираған. Британдық The Guardian газетінің деректері бойынша, қираған үйлердің бірінің астынан құтқарушылар 80-нен аса адамның жансыз денелерін алып шыққан. Егер екі жүзден астам адам қаза тапқан деген ақпарат расталса, бұл халықаралық коалиция операциялары басталғалы бері бір шабуылдан ең көп бейбіт тұрғын қаза тапқан оқиға болмақ деп жазады The Washington Post басылымы.

XS
SM
MD
LG