Accessibility links

Польшада Еуроодақты қолдау шеруі өтті


Варшава қаласының орталығы. (Көрнекі сурет.)
Варшава қаласының орталығы. (Көрнекі сурет.)

Польша астанасында сенбі күні «Сүйем сені, Еуропа!» атты жаппай шеру өтті. Оған қатысушылар Польшаның еуропашыл бағытта болуына қолдау білдіретіндерін айтты деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Польшаның Агнешка Холланд, Крыстына Янда, Владыслав Фрасынюк сынды және өзге танымал актерлері, режиссерлері мен саясаткерлері халыққа үндеуінде «Біз – полякпыз әрі еуропалықпыз. Польша Еуропа Одағының іргетасын қалайтын елдердің бірі болуы тиіс. Үкіметтің арманымызға, Польшаның болашағына балта шабуына жол бермеуіміз керек» деп мәлімдеген.

Оппозициялық «Новочэсна» партиясының жетекшісі Рышард Пэтрудің сөзінше, Еуропа Одағы құрамындағы Польша қазір екінің бірін - не Еуропаның орталығындағы ел ретінде оны өзгелермен бірге нығайтуға атсалысуды, не Еуропадан қол үзуді таңдауы тиіс. Наразылар қазіргі үкімет Еуропа Одағындағы Польшаны әлсіретуге тырысып жатыр, бұл елдің халықаралық аренадағы позициясын елеулі түрде нашарлатады деген пікірде.

Польшаның еуропашыл бағытын қолдау акциялары сенбі күні Люблин, Катовице және Краков қалаларында да өткен.

XS
SM
MD
LG