Accessibility links

Минскіде бүгін де наразы белсенділерді ұстады


Полиция қызметкерлері ұсталған адамды әкеле жатыр. Минск, 26 наурыз 2017 жыл.
Полиция қызметкерлері ұсталған адамды әкеле жатыр. Минск, 26 наурыз 2017 жыл.

Минск қаласының орталығында бүгін сенбідегі шеру кезінде ұсталғандарды босатуды талап етіп рұқсат етілмеген наразылық акциясына шыққан оннан аса адамды құқық қызметкерлері ұстап әкеткен деп хабарлайды Азаттықтың Беларусь қызметі.

Наурыздың 25-і, «Ерік күні» Минскіде Беларусь оппозициясының наразылық шеруіне шыққан жүздеген адамды полиция ұстаған. Ұсталғандар арасында 20-дан аса журналистер бар. Билік өкілдері «Вясна» құқық қорғау тобының кеңсесіне тінту жүргізіп, ол жерден 57 адамды ұстаған. Минскідегі АҚШ елшілігі наразылық акциясына шыққандарды жаппай ұстауды айыптап, Беларусь билігін сенбіде ұсталған демонстранттарды босатуға шақырған.

Беларусьте «Ерік күні» жылда атап өтіледі. Биыл бүкіл ел көлемінде өткізілген акцияларда наразылар билікке елде жұмыссыз азаматтар үшін енгізілген «арамтамақ салығын» жою туралы талап қойған. Беларусьте жұмыссыз азаматтарды мемлекетке жыл сайын 200 еуроға жуық салық төлеуге міндеттейтін «арамтамақтық» туралы заңға қарсылық шерулері ақпан айынан бері жалғасып келеді. Содан бері жүзден астам адам ұсталған. Наразылар биліктен аталған салық түрін толық жоюды талап етеді.

XS
SM
MD
LG