Accessibility links

Мәскеуде жемқорлыққа қарсы шеруде Навальныйды ұстады


Ресей полициясы оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды ұстап жатыр. Мәскеу, 26 наурыз 2017 жыл.
Ресей полициясы оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды ұстап жатыр. Мәскеу, 26 наурыз 2017 жыл.

Бүгін Мәскеудің Тверь көшесінде жемқорлыққа қарсы шеру кезінде ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды ұстаған. Бұл туралы ол жетекшілік ететін коррупцияға қарсы күрес қорының директоры Роман Рубанов хабарлаған. Шеруден ұсталған Навальныйды отырғызған полиция автобусын наразылық акциясына қатысушылар қоршап алған. Полиция көлік жолын бөгеген адамдарды ығыстыруға кіріскен.

Бұған дейін билік өздері рұқсат бермеген орталығындағы жемқорлыққа қарсы шеру басталғанға дейін Мәскеудің орталығына «Росгвардияның» ұсталғандарды тасуға арналған ондаған көліктері мен жүк көліктерін және коммуналдық қызмет машиналарын әкеп қойған. «Беларусь», «Маяковский» және «Пушкин» метро станцияларында, сонымен бірге жемқорлыққа қарсылық шеруі өтеді деп жоспарланған Тверь көшесі бойында полиция патрулін күшейткен. «Грани.ру» интернет-басылымы Пушкин алаңына қолына «Жемқорлық болашақты жалмайды» деген жазу ұстап шыққан бір белсендіні полиция өкілдері ұстап әкеткені туралы хабарлаған.

Бүгін Ресейдің көптеген қалаларында жемқорлыққа қарсы шерулер өтіп жатыр. Наразылыққа бұған дейін Навальный жетекшілік ететін коррупцияға қарсы қор жүргізген «Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевке тиесілі» делінетін мүліктер жайлы зерттеу түрткі болған. Мәскеу билігінің шеруді өткізуге келісім бермегеніне қарамастан оппозиционер Алексей Навальный жақтастарын наурыздың 26-сы күні Мәскеудің Тверь көшесіне «қыдыруға» шығуға шақырған.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Навальныйдың «жұртты шақыруы - заңсыз» деп атаған. Оппозицинердің өзі биліктің бейбіт шеруді өткізуге тыйым салуға құқығы жоқ деп санайды. Ол сонымен бірге наурыздың 26-сы күні заңсыз ұсталғандардың барлығына заңды көмек көрсетуге уәде еткен.

XS
SM
MD
LG