Accessibility links

Пәкістан Ауғанстанмен шекарасына қоршау тұрғызбақ


Чамандағы Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы тексеру және өткізу пункті (Көрнекі сурет).
Чамандағы Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы тексеру және өткізу пункті (Көрнекі сурет).

Пәкістан билігі Ауғанстанмен шекарасының содырлар трансшекаралық шабуылдар жасайтын аудандары бойымен қоршау тұрғыза бастағанын мәлімдеді. Пәкістан армиясының қолбасшысы Камар Джавед Бажваның мәлімдеуінше, қоршау "қауіп-қатер деңгейі жоғары аймақтарда" тұрғызылады.

Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы "Дюранд сызығы" деп аталатын шекараның жалпы ұзындығы 2400 километрді құрайды. Пәкістан бұл шекараны заңды деп санағанымен, Ауғанстан оның заңдылығын мойындамайды. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі әзірге ешқандай құрылыс басталғаны байқалмайтынын, бірақ кез-келген қоршау тұрғызу әрекетін болдырмайтынын хабарлады.

Екі ел бір-бірін ортақ шекара бойындағы содырлардың іс-қимылдарын елемей отыр деп жиі айыптайды. Жанкешті-содырлардың бірнеше шабуылынан соң Пәкістан шекарасын бір айдан астам уақытқа жапқан.

XS
SM
MD
LG