Accessibility links

Қазақстан футболшыларының ұшағы Ереванға қайта қонды


Ереван әуежайы (Көрнекі сурет).
Ереван әуежайы (Көрнекі сурет).

Қазақстан футбол құрамасының ұшағы ұшып шыққан Ереван әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды деп хабарлады Twitter-де Қазақстан құрамасының медиа-офицері, спорт блогері Ербол Кайыров. "Қазақстан құрамасының ұшағы ұшып шыққан Ереванға қонуға мәжбүр болды. Оған шассиде ақау шығуы себеп. Әуе кемесінің командирі әуежайға қайта оралуға шешім қабылдады. Чартерлік ұшақты ауыстырған соң Қазақстанға қайта ұшу жоспарланып отыр" деп жазды Қайыров Twitter-де.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі Азаттыққа бұл ақпаратты растағанымен, мән-жайды толық айтпады.

Қазақстан құрамасы 26 наурызда 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында Армения құрамасынан 0:2 есебімен жеңілген. Екінші таймның ортасында қазақстандық қорғаушы Сергей Малый сары карточка алып қалып, алаңнан қуылған.

Ойында есепті Генрих Мхитарян (73 минутта) ашып, бірнеше минуттан соң Арас Озбилс Қазақстан құрамасының қақпасына екінші голды салды.

XS
SM
MD
LG