Accessibility links

Министр: Жұмысқа жарамды халықтың 24 пайызы өз-өзін асырап отыр


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстандағы жұмысқа жарамды халықтың төрттен бірін өзін-өзі асырайтын, табысы төмен азаматтар құрайды және олардың жартысына жуығының орта немесе бастауыш білімі ғана бар деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бүгін Астанада парламенттегі үкімет сағатында.

Министрдің сөзіне қарағанда, өзін-өзі асырайтын 24 пайыз халықтың 42 пайызының тек орта немесе бастауыш білімі ғана бар. "Табысы 60 мыңнан аз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар саны 853 мың адамды құрайды, олардың 716 мыңы ауылды жерде тұрады" деген Сүлейменов осы категориядағы азаматтар шағын және орта бизнесті дамытудың қосымша қайнар көзі болуы мүмкін деп санайтынын жеткізді.

Сүлейменов шағын және орта бизнес саласында жүрген халық саны 3 миллионнан асатынын, өткен жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,1 миллион болғанын да айтты.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 24,9 пайызды құрайды.

XS
SM
MD
LG