Өзбекстанның мемлекеттік "Узбекистон хаво йуллари" әуе компаниясы Ташкент - Душанбе - Ташкент рейсіне билеттер сатыла бастағанын жариялады. Компания тарихындағы Тәжікстан астанасына алғашқы әуе рейсі 4 сәуірде ұшады.
"Узбекистон хаво йуларидің" ресми өкілі Орифджон Рузимуродов билет құны шамамен 1200 сомони (140 доллар көлемінде) тұратынын айтты. Оның сөзінше, Тәжікстанда компанияның ресми өкілдігі тіркелген, ал компания кеңсесі Ташкент - Душанбе - Ташкент рейсінің қарсаңында ашылады. Ол сонымен қатар Душанбеден Ташкенте ұшақ аптасына бір рет сейсенбі күні ұшатынын да айтты.
10 ақпанда Ташкентте "Узбекистон хаво йуллари" мен Тәжікстанның "Сомон Эйр" әуе компаниясы арасында екі ел астаналары арасында тікелей әуе рейсін ашу туралы келіссөз жүргізілген. "Сомон Эйр" Өзбекстанның авиация саласы басшылығынан эксплуатациялық рұқсат алған.
Өзбекстан мен Тәжікстан қалалары арасында тұрақты әуе рейстері 1992 тоқтатылған. Душанбе мен Ташкент арасныдағы алғашқы рейс 20 ақпанда ашылуы тиіс болатын, бірақ ұшақ ұшпай қалды. "Сомон Эйр" қажетті құжаттар өзбек жағына қажетті құжаттар уақытында жөнелтілмегенін мәлімдеген. Бірнеше күннен соң "Сомон Эйрдің" Ташкентке жоспарлаған екінші рейсі де ұшпай қалған.