Accessibility links

Божко ресейлік ЖОО-ға түскен қазақстандықтарды қайтаруды ұсынды


Владимир Божко, парламент мәжілісі төрағасының орынбасары.
Владимир Божко, парламент мәжілісі төрағасының орынбасары.

Қазақстан парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко ресейлік жоғары оқу орындарына (ЖОО) түскен қазақстандықтарды "кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты" қайтаруды ұсынды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Божко бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында білдірді.

"Білім және ғылым министрлігіне және әкімдіктерге Ресейден осы елдің жоғары оқу орындарына түрлі бағыттардағы ынтымақтастықтар бойынша түскен азаматтарымызды қайтару жұмыстарын бірлесіп жасау керек. Жоғары оқу орындарынан келгендер қажетті бизнес идеология мен кәсіби білімді таратады" деді Божко.

Мәжіліс төрағасының орынбасары жұмысшы кадрлердің жетіспейтініне қынжылыс білдірген. "Токарь, слесарь электрик және басқа да мамандар жетіспейді. Жоғары оқу орындарына екі астана мен облыс орталықтарында қалып қоймай, туған жерлеріне қайтып оралатын моно және шағын қалалардың, ауылды жерлердің тұрғындарын қабылдауға берілетін квотаны арттыру керек" деді Божко.

XS
SM
MD
LG