Мәскеуде оппозициялық саясаткер Алексей Навальный басқаратын Коррупциямен күрес қорының кеңсесінен кеңсе техникаларын шығарып әкетіп жатыр деп хабарлады Twitter-де қордың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш.
"Коррупциямен күрес қорының кеңсесінен адамдар үн-түнсіз техникаларды алып кетіп жатыр. Бұл енді тінту емес, тонау" деп жазды Ярмыш.
Кеше полиция ұйым кеңсесіне келіп, "жарылы болуы қаупі бар деген ақпарға байланысты" тінту жүргізу ниеті барын мәлімдеген. Сол мезетте қор қызметкерлері "Ол бізге Димон емес" деген коррупцияға қарсы акциядан тікелей трансляция жүргізңп жатқан. Полиция Мәскеудегі қор кеңсесінде отырған барлық қызметкерін тұтқындап әкеткен. Оларды полиция бөліміне апарып, түні бойы ұстады. Олардың ісі бойынша сот бүгін болады. Оларға "Полиция қызметкерлерінің заңды бұйрығына бағынбады" деген айып тағылды.
Қызметкерлерін ұстап әкеткен соң қор кеңсесінде тінту жалғасқан.
Ресейде антикоррупциялық митингілер 26 наурызда өткен. Наразылық акциялары Коррупциямен күрес қорының премьер-министр Дмитрий Медведевтің тіркелмеген жылжымайтын мүлкі бары туралы зерттеуімен байланысты. Көптеген қалаларда акция өткізуге рұқсат берілген жоқ. Мәскеудегі акцияда полиция мыңнан астам адамды, оның ішінде Алексей Навальныйды ұстаған.