БҰҰ-дағы ядролық қаруға мүлдем тыйым салу туралу келіссөзге 100-ден астам мемлекет қатысады, бірақ олардың арасында ірі державалар жоқ.
2016 жылы қазанда БҰҰ-ның 123 мемлекеті 27 наурызда ядролық қаруға тыйым салу туралы заңдық тұрғыдан міндетті деп санайтын келісімді талқылауға дауыс берген. Бірақ Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония мен Израиль және өзге 29 мемлекет бұл ұсынысқа қарсы дауыс берген. Қытай, Үндістан мен Пәкістан қалыс қалған.
Ядролық қаруға тыйым тыйым салу туралы бұл бастаманы Австрия, Ирландия, Мексика, Бразилия, Оңтүстік Африка мен Швеция көтерген. Ұсынысты жақтайтындар Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасының шиеленісе бастауына және АҚШ-тың жаңа билігі саясатының болжап білу мүмкін еместігіне байланысты ядролық апат болу қаупі күшейіп юарады дейді. Олар мұндай қадамдардың 1997 жылы жерастында мина жаруға және 2008 жылы кластерлік бомбаны жаруғу тыйым салуға себеп болғанын айтады.
Бұл ұсынысқа қарсы дауыс беру бұл қадам ядролық қаруға тыйым салудың практикалық тәсілдерін ұсынбайтынын көрсетеді. АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты уәкілі Ники Хейли бұл талқылауға қатыспаса да шараның алғашқы күнінде мәлімдеме жасайды деп күтіліп отыр.