Accessibility links

Беларусь оппозиционері үш күн қамаудан соң бостандыққа шықты


Беларусь оппозиционері Николай Статкевич КГБ абақтысынан босап шығып үйінде отыр. Минск, 27 наурыз 2017 жыл.

Беларусь оппозициясының жетекшісі, үш күн бұрын жоғалып кеткен Николай Статкевич үйіне оралды. Бұл жайлы 27 наурызда Азаттыққа Статкевичтің әйелі Марина Адамович хабарлады. Оның сөзінше, күйеуі КГБ-ның тергеу изоляторында үш күн отырған.

Бұрын президенттікке кандидат болған, 2010 жылы Минскідегі наразылық акцияларынан соңбес жылға жуық түрмеде отырған Статкевич 25 наурыз күні таңертең із-түзсіз жоғалып кеткен. Сол күні Минскіде "Ерік күні" маршы өтуі тиіс еді. Бірақ оны ОМОН басып тастаған. Статкевич пен президенттікке бұрынғы тағы бір кандидат, оппозиция жетекшісі Владимир Некляев Минскідегі маршқа қатысатындарын ашық жария еткен.

Некляевті 24 наурызда Бресте, Польша территориясынан шығып, Минскіге келе жатқанда полиция ұстап әкеткен. Кейін ол ауруханаға жатқызылып, маршқа қатыса алмаған.

Минскіде 25 наурызда жыл сайын 1918 жылы Беларусь Халық Республикасының құрылғаны атап өтілетін маршта ондаған адам ұсталған. Биыл бүкіл ел көлемінде өткізілген акцияларда наразылар билікке елде жұмыссыз азаматтар үшін енгізілген "арамтамақ салығын" жою туралы талап қойған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG