Accessibility links

Сирияда АҚШ қолдайтын көтерілісшілер ИМ-нен әуе базасын тартып алды


Күрд-араб альянсының жасақтары Ракка маңындағы ауданда жүр. Сирия, 26 наурыз 2017 жыл.
Күрд-араб альянсының жасақтары Ракка маңындағы ауданда жүр. Сирия, 26 наурыз 2017 жыл.

Сирияның солтүстігіндегі АҚШ қолдайтын күрд-араб альянсы жасақтары "Ислам мемлекеті" (ИМ) содырларын 2014 жылы жаппай кісі өлтірген стратегиялық әуе базасынан ығыстырып шығарғанын хабарлады. "Сирия демократиялық күштері" (SDF) Табка әскери әуе базасын толық бақылауға алды. Әуежай қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін тазалау және миналау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр" деді альянс өкілі Талал Селло France Press агенттігіне.

Әуежай енді сол маңдағы ИМ содырлары бақылайтын бөгетке шабуыл бастауға пайдаланылуы мүмкін. ИМ 26 наурызда бөгет коалицияның әуе шабуылдарынан соң бұзылуы мүмкін екенін ескерткен. Коалиция өкілдері ИМ-нің мәлімдемесін жоққа шығарып, күрд-араб альянсының жасақтары бөгеттің солтүстігіндегі суды жіберу жұмыстарын бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

БҰҰ ИМ-нің ықтимал қасақана әрекеті мен коалицияның әуе шабуылдарының салдарынан Табка бөгеті жырылса Сирияны су басатынын ескерткен. Америкалық ұшақтар мен арнайы жасақтар күрд-араб альянсына әуеден және құрлықтан қолдау көрсетіп жатыр. Альянс жасақтары бөгеттен 40 километр қашықтықтағы Раккаға жылжып барады. Альянс ИМ-нің Сириядағы соңғы тірегі Раккаға шабуыл жасамас бұрын оны қоршауға тырысып жатыр.

XS
SM
MD
LG