Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-преиденті, премьер-миинстрі, Дубай әмірі шейх Мохаммед бен Рашид әл-Мактуммен кездесті деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуде сауда-экономика, қаржы және инвестициялық салалардағы өзара әрекеттестікті талқыланды.
Қазақстан президенті шейхқа ислам қаржыландыру жүйесін енгізу мен дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Назарбаев сонымен қатар БАӘ-мен қаржы ресурстарын тиімді басқару тәжірибелерін бөлісудің маңызды екенін айтып, "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Дубай халықаралық қаржы орталығын байланыстыруды ұсынды.