Accessibility links

Премьер-министр кеңсесін Нұрлан Алдабергенов басқаратын болды


Нұрлан Алдабергенов, Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің басшысы.
Нұрлан Алдабергенов, Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің басшысы.

Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің жетекшісі болып Еуразия экономикалық комиссиясының бәсекелестік және антимонополиялық реттеу алқасының бұрынғы мүшесі Нұрлан Алдабергенов тағайындалды деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Нұрлан Алдабергенов 2007 жылдан бері табиғи монополияларды реттеу агенттігін басқарды. 1999 жылы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментін басқарды. 1990 жылдардың соңында қалалық баға және монополияға қарсы саясат комитеті төрағасының орынбасары болды. Ол 2012 жылы ақпанда Еуразия экономикалық комиссиясының бәсекелестік және антимонополияны реттеу алқасының мүшесі атанды.

XS
SM
MD
LG