Accessibility links

Дүтбаевты қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды


Нартай Дүтбаев, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы.
Нартай Дүтбаев, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы.

ҰҚҰ-нің бұрынғы төрағасы, "мемлекеттік құпияны жарялау" және "қызмет бабын асыра пайдалану" күдігіне ілінген Нартай Дүтбаевты қамау мерзімі екі айға ұзартылған деп хабарлады бүгін Астана сотына сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Астананың Есіл аудандық №2 соты 14 наурызда Нартай Дүтбаевты қамау мерзімін 26 мамырға дейін ұзартқан. Сот сонымен қатар Дүтбаевпен бірге қамалған ҰҚК-нің бұрынғы қызметкерлері Нұрлан Хасен және Ерлан Нұртаевтың да қамау мерзімдерін де 26 мамырға дейін ұзартқан.

ҰҚК бұған дейін Нартай Дүтбаев пен Нұрлан Хасен және Ерлан Нұртаевтың 26 желтоқсанда "мемлекеттік құпияны әшкереледі, билігін және қызмет бабын асыра пайдаланды" деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Олардың үйлерінде "тінту жүргізіліп, заттай айғақтар тәркіленген". 28 желтоқсанда күдіктілер сот шешімімен екі айға қамалып, ҰҚК-нің тергеу абақтысына жабылған.

Ақпанда сот күдіктілерді қамау мерзімін наурыздың 26-сына дейін созған еді.

XS
SM
MD
LG