Accessibility links

Димаш Қытайда "Азияның ең танымал әншісі" болды


Димаш Құдайберген, қазақ әншісі
Димаш Құдайберген, қазақ әншісі

Әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы Top Chinese Music Awards жүлдесінің "Азиядағы ең танымал әнші" номинациясында үздік шықты деп хабарланды. Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шәрімовке сілтеме жасап Tengrinews.kz ақпарат сайты жазды.

Бұған дейін Димаш қытайлық I am a Singer жобасының 10-турында "Ұмытылмас күн" атты әнді қазақ және қытай тілдерінде айтып, байқаудың финалына шыққан. Шәрімовтің сөзінше, финалда Димаш бір әнді жеке, екіншісін дуэт болып шырқайды.

Ақтөбелік жас әнші соңғы бірнеше айдың ішінде Қытайдағы байқау кезінде тыңдармандар арасында кең танылып, жұлдызға айналған.

XS
SM
MD
LG