Accessibility links

Порошенко ҮЕҰ өкілдерін активін жариялауға міндеттейтін заңға қол қойды


Украина президенті Петр Порошенко үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуде. Киев, 27 наурыз 2017 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуде. Киев, 27 наурыз 2017 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко елдің коррупцияға қарсы заңнамаларына үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметкерлерін активтері туралы декларация өткізуге міндеттейтін түзету енгізу жобасына қол қойды. Құжат сонымен қатар әскери қызметкерлерді мұндай міндеттемеден босатады. Порошенконың сөзінше, бұл шаралар "Украинаны Ресей агрессиясынан қорғап отырған жүз мыңдаған әскери қызметкердің мүддесін қорғайды".

Бұған дейін Ұлыбританияның Украинадағы елшісі Джудит Гау ҮЕҰ-ға қатысты өзгерістерді "артқа шегіну" деп атап, олардың "үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндіктерін шектейтінін" мәлімдеген. Активтерді декларациялау туралы өзгерістер 2018 жылдан бастап күшіне енеді. Порошенко заңның қолданысқа енгізілуін талқылау үшін жұмысшы тобын құруға келісті.

Порошенко 27 наурызда Киевте қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесуінде олардың коррупциямен күреске қосып жатқан үлесін қолдайтынын білдіріп, оларға қандай да бір саяси қысым жасап, қызметін шектеуге жол берілмейтінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG