Accessibility links

НАТО Тиллерсонға бола министрлер кездесуі күнін өзгертті


Рекс Тиллерсон, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.
Рекс Тиллерсон, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.

НАТО альянсқа мүше елдер сыртқы істер министрлерінің Брюссельде өтетін кездесуі 31 наурызға ауыстырылғанын растады. НАТО-дағы дереккөзінің Азаттыққа хабарлауынша, 30 наурызда сонымен қатар Ресей-НАТО кеңесінің жиыны өтуі тиіс. Министрлер жиыны 5-6 сәуірде өтуі тиіс болатын, бірақ АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон кездесуге келе алмайтын болғандықтан жиын басқа күнге ауыстырылған.

Рекс Тиллерсонның жиынға келе алмауы және оның сәуірде Мәскеуге сапарлап бару жоспары Еуропа елдерінің бірқатарында Вашингтонның НАТО миссиясына адалдығына қатысты алаңдаушылық тудырған. Тиллерсон сәуірдегі кездесуге Флоридада АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай президенті Си Цзиньпин қатысатын саммитке байланысты бара алмайтынын мәлімдеген. Жаңа сценарий бойынша, енді Тиллерсон Брюссельге Анкарада Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездескеннен бір күннен кейін ұшып барады.

Келіссөзден хабары бар дипломаттардың мәліметінше, сыртқы істер министрлерінің кездесуінен бір күн бұрын альянс биылдыққа бірінші рет Ресей-НАТО кеңесін өткізуді жоспарлап отыр. НАТО Ресей 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алған соң Мәскеумен барлық ынтымақтастықты тоқтатқан. Бірақ Ресей-НАТО кеңесі арқылы саяси диалог жалғасып отыр.

XS
SM
MD
LG