Accessibility links

Бішкек - Ош жолындағы қар көшкінінен төрт адам қаза тапты


Бішкек - Ош жолы (Көрнекі сурет).
Бішкек - Ош жолы (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда Бішкек - Ош жолының қар көшкіні жүрген аумағында төрт адамның мәйіті табылды деп хабарлады Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар 28 наурызға қараған түні қар үйіндісі астынан ішінде төрт адам қалып қойған көлікті аршып алды. Министрлік ақпаратына қарағанда, сонымен қатар қар астынан ішінде үш адамы бар тағы бір көлік шығарылған, ондағы адамдар зардап шекпеген.

27 наурызда Бішкек - Ош жолының 248, 252 және 255-километрі аралығында үш қар көшкіні жүріп, жол уақытша жабылған.

XS
SM
MD
LG