Accessibility links

Азаттықтың Орыс редакциясының тілшілері соққыға жығылды


Сергей Хазов-Кассиа, Азаттықтың Орыс редакциясының журналисі.
Сергей Хазов-Кассиа, Азаттықтың Орыс редакциясының журналисі.

Ресейдің Краснодарск өлкесінде Азаттықтың Орыс редакциясының тілшілері Сергей Хазов-Кассиа мен Андрей Костянов соққыға жығылды. Бұл туралы тілшілер Facebook-те хабарлады.

Журналистер Кропоткин қаласында фермерлер маршы туралы репортаж дайындап жүрген. 28 наурызда таңертең қонақүйге кіреберісте Хазов-Кассиа мен Костяновқа беттеріне маска киген белгісіз бірнеше адам шабуыл жасап, дене жарақаттарын салып, газ баллондарын қолданған. Журналистердің компьютері мен түсіру құралдары ұрланған. Шабуылдағандар оқиға орнынан із жасырып үлгерген. Олар мініп келген көлік қонақүйдің жанында әлі тұр.

Журналистер полиция шақыртқан. Таңертең полиция қызметкерлері Хазов-Кассиа мен Костянов түскен қонақүйге барып, номерде журналистер, әлде басқа адамдар тұрғанын анықтамақ болған.

XS
SM
MD
LG