Accessibility links

Киев қырғыз депутаттарының "Қырымға барғанына" наразы


Николай Дорошенко, Украинаның Қырғызстандағы елшісі.
Николай Дорошенко, Украинаның Қырғызстандағы елшісі.

Қырғызстандағы Украина елшісі Николай Дорошенко 27 наурызда Қырғызстан сыртқы істер миинстрлігіне қырғыз парламентінің депутаттары Марат Аманкулов пен Ирина Карамушкинаның Қырымға барғаны туралы мәліметке қарсылық білдірді.

Дорошенко депутаттардың 18-21 наурыз күндері басқа да елдердің депутаттарымен бірге Қырымдағы шараларға қатысқанын хабарлады. Елші Facebook-тегі парақшасында "қырғыз билігі мұны естіп, тиісті шаралар қабылдайды" деп үміттенетінін жазды.

Қырғызстан парламентінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ибрагим Нуракун уулу Қырымға бәлкім жекелеген депутаттардың баруы мүмкін екенін, бірақ ресми түрде ешкім сапарлап бармағанын хабарлады.

Депутаттардың өздерінен комментарий алу мүмкін болмады. Бірақ 24 наурызда депутат Ирина Карамушкина Facebook-тегі парақшасында сурет жариялап, оның астынан депутаттардың Қырымға барып қайтқанын жазады.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Украина елшісінің мәлімдемесіне әзірге комментарий бермеді.

XS
SM
MD
LG