Accessibility links

Министр Қазақстан азаматтығынан айыру туралы бапқа комментарий бермейді


Марат Бекетаев, әділет министрі.

Әділет министрі Марат Бекетаев кейбір заң актілеріне азаматтықтан айыруды қарастыратын өзгерістер жобасындағы екіұшты тұжырымдамаға қатысты комментарий беруден бас тартты. Өзгерістер заңдарды осы айда конституцияға енгізілген түзетулермен сәйкестендіру аясында енгізілмек.

Бұған дейін "Открытые НПА" сайтында жарияланған кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында қылмыстық кодекстің кейбір баптарын өзгертіп, "террористік қылмысы және Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзгедей ауыр зардаптар келтіргені үшін" "Азаматтықтан айыру" туралы жаңа бап жасау қарастырылған. Мұндай тұжырым осы айдың басында қабылданған конституцияға енгізілген өзгерістерде бар. Ол бойынша сот шешімімен азаматтықтан айыруға рұқсат беріледі.

"Қазір бұл мәселеге қатысты дау шығаруға қажеттілік жоқ. Бізде заң жобаларына қатысты ведомствоаралық комиссия бар. Бұл - түпкілікті заң жобасы емес, ол әлі талқыланады. Мұны мемлекеттік органдармен, сарапшылармен бірге талқылау керек. Қазір пікірталасты БАҚ шығаруға әлі ерте" деді Бекетаев журналистерге сұрақтарына берген жауабында.

Заң жобасын көпшілікпен талқылауды 4 сәуірде аяқтау жоспарланған. Бұл күні әділет миинстрлігінде осы заң жобасын дайындағандармен бірге жиын өткізілмек.

"Конституцияға азаматтар егер "аса ауыр залал" келтірген жағдайда азаматтықтан айырылуы мүмкін екені туралы норма енгізілген. Бізге қазір осы нәрсені қазір талқылау керек" деді Бекетаев.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG