Accessibility links

Карлос Шакал үшінші рет өмір бойына бас бостандығынан айырылды


Ильич Санчес Рамирестің 1970, 2000 және 2013 жылдардағы кезі.
Ильич Санчес Рамирестің 1970, 2000 және 2013 жылдардағы кезі.

Франция соты Карлос Шакал деген лақап атпен белгілі халықаралық террорист Ильич Рамирес Санчесті Парижде 42 жыл бұрын жасаған шабуылы үшін үшінші мерзімге өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Венесуэладан шыққан Рамирес Францияда 1975 жылы үш адамды өлтіріп, 1982-1983 жылдары Францияда пойыздар мен вокзалдарға шабуылдар жасағаны үшін осымен екінші мерзімге өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасын өтеп жатыр. 1982-1983 жылдардағы шабуылдардан 11 адам қаза тауып, 150 адам жараланған.

67 жастағы Рамирес кезінде әлемдегі ең қанқұйлы қылмыскер саналған. Соңғы үкім 1974 жылы Париждегі граната жарылысына қатысты іске байланысты шықты. Ол шабуылдан екі адам қаза тауып, 34 адам жараланған. Сотта сөйлеген Рамирес сот процесін "абсурд" деп атап, "француз арнайы қызметі манипуляция жасаған" куәгерлердің жауаптарын деп мәлімдеді.

Рамирес өзін "кәсіби революционер" санайды. Ол 1970-1980 жылдары марксшіл идеяларды ұстанып, көбінесе Шығыс Еуропа елдерінде жасырынған және сол елдерден Батыс мемлекеттеріне шабуылдар жасауды жоспарлаған.

Оның ең әйгілі қылмысы 1975 жылы Венада ОПЕК құрамындағы елдердің мұнай министрлерін кепілге алғаны болған.

XS
SM
MD
LG