Accessibility links

Мәжіліс жерді мемлекет қажетіне алу туралы заң жобасын қарауына алды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Парламент мәжілісінің қарауына ауыл шаруашылығы жерлерін қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мақсатында мемлекет қажетіне алуды қарастыратын жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасы түсті. "Sputnik Казахстан" агенттігінің хабарлауынша, заң жобасында ауыл шаруашылығы жерінің мемлекет қажетіне алынуы мүмкін жағдайлар мен шарттардың тізімі кеңейтілген.

Мәжілістің аграрлық мәселелер бойынша комитетінің төрағасы Сапархан Омаров заң жобасын таныстыру кезінде құжат қабылданса ауыл шаруашылығы жерлерін беру процедуралары ашық болатынын және жерді пайдалануды бақылаудың күшейетінін айтты. Бұдан өзге, жобада мемлекеттік органдардың қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерінің максималды көлемін анықтау өкілеттігі бекітіліп, шекаралас аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудің шарттары анықталмақ.

"Бұдан өзге, заң жобасында жерді жеке тұрғын үй салу және ауылды жерлердің тұрғындарына жайылымды жерлер беру үшін мемлекет қажетіне алу жағдайлары да қарастырылған. Жерді қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік қажеттілігі үшін берумен байланысты мәселелер де қарастырылған" деді Омаров.

Өткен жылы көктемде Қазақстан үкіметінің ауыл шаруашылығы жерлерін жекешелендіріп, шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін реформасы жаппай қарсылыққа ұшыраған соң президент Нұрсұлтан Назарбаев жыл соңына дейін жер кодексіне енгізілген өзгерістерге мораторий жариялаған. Мораторий кейін бес жылға ұзартылды.

XS
SM
MD
LG