Accessibility links

Украинаның батысында Польша консулдығы атқыланды


Луцк қаласындағы Польшаның бас консулдығы мен оның шабуылдан бүлінген шатыры. Украина, 29 наурыз 2017 жыл.
Луцк қаласындағы Польшаның бас консулдығы мен оның шабуылдан бүлінген шатыры. Украина, 29 наурыз 2017 жыл.

Ресми дереккөздері мен БАҚ бүгін Украинаның солтүстік-батысындағы Луцк қаласында Польшаның бас консулдығын әлдекімдердің атқылап, ғимараттың шатыры мен терезелері зақымданғанын хабарлады.

Volyn24 ақпараттық сайтының куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға түн ортасынан ауғанда болған. Шабуылдан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Украинаның "112" телеарнасының хабарлауынша, полиция оқиға орнынан РПГ-22 гранатасының қақпағын тапқан.

Оқиғаға комментарий берген Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин Twitter-де "Луцкідегі Польшаның бас консулдығына қарсы арандатушылыққа ашуланып отырмын. Бұл - біздің Польша Республикасымен достығымызға қарсылардың жауыздығы" деп жазды.

XS
SM
MD
LG